8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында 5 наурыз күні сағат 15:00-де Қарағанды қаласының нәзік жандылары үшін «Мүмкіндіктер жәрмеңкесі» ұйымдастырылады. Іс-шара әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссияның қолдауымен өтеді.

Жәрмеңкеде келесідей бағыттар бойынша кеңес алуға болады: денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналасу, шоттарды бұғаттау, алимент төлеу, қамқоршылық және т.б. Сондай-ақ, өз ісін дамыту мүмкіндіктері туралы айтылады.
Өтетін орны: «Таир» СОО, Космонавтов көшесі, 1в.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА