Жаңалықтар

Қарағандыда халықаралық театр фестивалі басталды

Қарағанды қаласында «Театр –Творчества – талант» атты 6-23 жас аралығындағы өнер ұжымдары қатысатын халықаралық балалар мен жасөспірімдер театр фестивалі өтуде.

Өнер сайысы биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Фестивалге былтырдан бері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры демеушілік көрсетуде. Ұйымдастырушы – «Думан Әкім» өнер орталығы.

Шараның мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің театр ұжымдарына тәжірибе алмасу арқылы қолдау көрсету, сондай-ақ, ұжым жетекшілерінің кәсіби шеберлігін арттыру. Өнерпаздар «Көркем сөз» және «Спектакль» номинациялары бойынша сынға түседі.

  • Биыл фестивалға 200-ге тарта талантты оқушылар, кәсіби білім алып жүрген студент жастар қатысып отыр. Олар – Нұр-Сұлтан, Тараз, Жезқазған, Екібастұз, Көкшетау, Петропавл, Атбасар сонымен қатар, Ресей Федерациясының Кемерово, Новосибирск қалаларынан келген. Айтулы өнер жарысына – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемалов, Қырғызстанның Халық әртісі Сергей Матвеев, Тәттімбет өнер колледжінің оқытушысы Любовь Попова қазылық етеді. Қатысушылардың тыңғылықты дайындықпен келгені көрініп тұр. Сәттілік тілеймін, – деді фестивалді ұйымдастырушы Думан Әкім.

Жәлел ШАЛҚАР

Басқа материалдар

Back to top button