Жаңалықтар

Қарағандыда халықаралық балалар фестивалінің іріктеу кезеңі өтті

Қарағанды қаласындағы Достық үйінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «BIЖұлдызай» ХIV халықаралық шығармашылық фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі өтті. 

Фестивалдің облыстық кезеңін Қарағанды облысының білім басқармасының қолдауымен «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми – практикалық орталығы ұйымдастырған.

Шараның ашылу салтанатына облыстық білім басқармасының Рухани-адамгершілік дамуы және қосымша тәрбие беру бөлімінің басшысы Гүлмира Кабдиева қатысып, жылы лебізін білдірді.

Шығармашылық фестивалге 10-18 жас аралығындағы100 ге жуық бала қатысты. Іріктеу кезеңіне 260 бала сұраныс жіберген.

Дарынды балалар төрт номинация бойынша өнер көрсетті: вокал, ым-ишарамен орындау өнері, аспапта орындау және хореография.

Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломмен, бағалы сыйлықпен, таратпа материалдармен мараптталды.

Басқа материалдар

Back to top button