Қарағандыда хайуанаттар бағында аю төрт жасар қызға шабуыл жасады
Қарағанды хайуанаттар бағында қайғылы оқиға орын алды. Төрт жасар қыз анасы ұялы телефонға алданып қалған кезде, парапеттің үстіне шығып, торға қарай бет алған. Осы кезде жыртқыш қоршаудың арғы жағында болған. Астаналық Тілеген Әжібаев баланың торға қолдарымен жабысып, қорқыныштан орнында қатып қалғанын көрген сәтте дереу құтқарып, қоршаудан алып шыққан.

Бұл оқиға 23 сәуірде болған, бірақ ол әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін, бүгін ғана белгілі болған. Алайда неге екені белгісіз хайуанаттар бағының әкімшілігі бұл жағдайда үнсіз қалып отыр.
– Мен хайуанаттар бағында отбасыммен уақыт өткізіп жүргенмін. Кішкентай қыздың айқайлағанын естігеннен кейін қызға көмекке бардым. Мен хайуанаттар бағында барлық ата-аналарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырғым келеді. Қоршаулардың жанында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы және қоршаулардың артына кіруге болмайтыны жайында қазақ және орыс тілдерінде жазылып тұр, – дейді Тілеген Әжібаев.
Естеріңізге сала кетейік, хайуанаттар бағындағы жануарлар сол жерде дүниеге келіп, ешқашан жабайы табиғатта болмағанына қарамастан олар жабайы әрі қауіпті жыртқыштар болып саналады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz