Жаңалықтар
Қарағандыда ер адам пышақпен көршілеріне шабуыл жасады
Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға кеше, 13 сәуір күні сағат 22:30 шамасында болған. Қарағандының Оңтүстік-Шығысындағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде 30 жастағы жергілікті тұрғын көршісіне пышақпен дене жарақатын салған. Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полиция экипажы күдіктіні ұстап, Орталық полиция бөліміне жеткізген.

– Ер адам медициналық тексеруден өтті. «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» және «Қорқыту» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда,- деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта ер адам кепілмен үйіне жіберілген.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.