Спорт

Қарағандыда ел чемпионаты өтті

Қарағандыда есту қабілеті нашар спортшылар арасында ел чемпионаты өтті. Тартысты бәсекеге аймақтан 85 спортшы қатысып, өзара сынға түсті. Қатысушылардың арасында Сурдолимпиада ойындарының, Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері өнер көрсетті.

Сонымен қатар, облыс атынан 14 таэквондо шебері бақ сынады. Турнир қорытындысы бойынша облыс құрамасы жалпы командалық есепте көш бастады. Павлодарлықтар – ІІ орын, шымкенттіктер – ІІІ орын иеленді.

– Чемпионат қорытындысы бойынша ел құрамасы құрылды. Ұлттық команданың қатарында төрт қарағандылық спортшы бар. Басты мақсат – Хорватияда өтетін әлем чемпионатынан жүлдемен оралу. Спортшыларға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан үлкен қолдау бар. Ұлттық құрама қатарына қосылған жауынгерлермен жаттығу жұмыстарын бастаймыз. Ол үшін бізде барлық жағдай жасалған, – деді қарағандылық жаттықтырушы Руслан Ищанов.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button