АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағандыда екі мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ

Биыл қалада үшінші жылу таратқыш іске қосылады деп жоспарлануда. Бұл өз кезегінде жаңа тұрғын үй мен бизнес нысандарын жылу энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев облыс орталығын дамыту бойынша кеңес өткізіп, бірқатар негізгі міндеттер қойды.

– Қарағанды облыс орталығы ғана емес, Қарағанды агломерациясының өзегі. Агломерацияны дамыту үшін инфрақұрылымдық дамуды үйлестіруді жақсарту, экология мәселелерін шешу қажет. Басты міндеттердің бірі – тұрғындарды жұмысқа орналастыру, қалада екі мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу қажет, – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар жиында қалада тұрғын үйге кезекте 19 мыңнан астам адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін құрылыс саласын дамыту керек екені баса айтылды. Осы мақсатта биыл 350 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда.

Аймақ басшысы газдандырудың қарқыны баяу жүріп жатқанын, орталықтандырылған көгілдір отынға қосылуы тиіс алты мың абоненттің тек екі мыңы ғана қосылғанын, үйлерді газға қосу үшін пайызсыз несиелер беру жалғасатынын да атап өтті.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button