Бас тақырып

Қарағандыда жылу тарифі тағы да қымбаттайды

«Теплотранзит Қарағанды» ЖШС 2024 жылдың 1-қаңтарынан бастап тариф өзгеретінін хабарлады. Тариф ҚҚС-сыз Гкал үшін 4 433,59 теңгені құрайды. Шешім Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаментінің бұйрығы негізінде қабылданған.

Сурет: Ашық дереккөз

«Теплотранзит Қарағанды» ЖШС-нің жылу энергиясын беру және тарату қызметтері бойынша қолданыстағы тарифі облыстағы орташа айлық жалақының өзгеруіне байланысты 2023 жылдың 1-қыркүйегінен бастап күшіне енген ҚҚС-сыз Гкал үшін 2 948,94 теңгені құрады. Бұл тариф 2023 жылдың 31-желтоқсанына дейін жарамды. 2024 жылдың 1-қаңтарынан бастап тариф ҚҚС-сыз Гкал үшін 4 433,59 теңгені құрайды», – деп хабарлады компания.

«Теплотранзит Қарағанды» ЖШС тарифтің көтерілуін «Инвестицияларға айырбас тарифі» мемлекеттік бағдарламасы аясында кварталішілік жылу желілері мен ЦТП-29 сорғы стансасын қайта жаңғыртудың инвестициялық бағдарламасын бекітумен байланысты деп түсіндірді.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button