Қарағандыда бірінші қалалық экологиялық акция өтеді
Жетінші сәуірде Қарағандыда бірінші экологиялық акция — плоггинг өтеді. Халықаралық денсаулық күніне арналған шараны Қарағаны Медициналық университетінің студенттері ұйымдастырған.
— Акцияға ниет білдірушілердің барлығы қатыса алады. Ешқандай шектеу жоқ. Плоггинг – салауатты өмір салты мен экологияны қорғаудың гибриді. Дәлірек айтқанда, акцияға қатысушылар орталық саябақта жүгіреді және қоқыс жинайды. Қатысушыларға біз қолғаптап мен қоқысқа арналған қаптар алуды өтінеміз, — дейді ҚМУ студенті Ескендір Афизов.
Алғашқы акция орталық саябақта өтеді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта қаланың басқа аудандарында да осындай шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Плоггингтің басты шарттары:
— жүгіруге өзімен бірге қоқыс қабын ала келу.
— жол бойы оның ішіне көзге түскен қоқысты жинау.
— жинаған қоқысты суретке түсіріп, #ploggingKaraganda хэштегімен әлеуметтік желілерге орналастыру. Мұндай қадам акцияға барынша көбірек халықты жұмылдыру үшін қажет.
Акция 7 сәуір 11.00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді. Қатысушылар басты сахнаның маңына жиналады.
Барлық сұрақтарыңызбен келесі телефон нөміріне хабарласуларыңызға болады: 87752090350 (Ескендір).