Аймақ

Қарағандыда бес қабатты тұрғын үй өртенді

Кеше, 21 мамыр күні Қарағандыда Әлихан Бөкейхан ауданындағы 11-ші орамда бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртеніп кетті.

Өрт туралы хабарлама ТЖД диспетчерлік пультіне сағат 14:59-да келіп түскен. Құтқарушылардың айтуынша, балконның қаптамасы, 5-қабаттағы пәтердің балконындағы заттар, ағаш шатыр жабыны, ағаш тақтайшасы өртеніп кеткен. Өрт бесінші қабаттағы балконда пайда болған деп болжануда. Кейіннен от ғимараттың бүкіл шатырын шарпыған.  Өрттің жалпы ауданы – 840 ш.м. құраған. 16:23-те өрт ауыздықталды. Өртті сөндіруге 88 адам, 17 техника жұмылдырылды.

Өрт болған тұрғын үйден 37 адам мен 10 бала эвакуацияланды.

Оқиға орнына облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен қала әкімі Мейрам Кожухов барды. Облыс әкімі қала әкіміне тұрғындарды уақытша баспанаға орналастыруға тапсырма беріп, штаб ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда.

Қарағанды облысының ТЖД ескертеді:

Өрт қаупі бар кезеңде абай болыңыз:

– балкондар мен терезелерден сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыз немесе тастамаңыз;

– ғимараттар мен құрылыстардан 50 метрден кем қашықтықта от жағуға болмайды;

– электр сымдары мен құрылғыларының дұрыстығын қадағалаңыз;

– электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз;

– тек жұмыс істейтін электр және газ жабдықтарын пайдаланыңыз;

– балаларды қараусыз қалдырмаңыз және балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз!

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button