Спорт

Қарағандыда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтуде

Алғаш рет кеншілер қаласында олимпиадалық спортыныңиауыр атлетика түрінен Қазақстан чемпионаты біріншілігі өтуде. Дүбірлі додаға еліміздің түпкір-түпкірінен 370 жас спортшы өз шеберлігін көрсетеді. Спорттық шараның ашылу салтанатында құрметті қонақ ретінде ауыр атлетикадан әлем чемпионы Илья Ильинда бой көрсетті.

– Қарағанды облысы – ауыр атлетикадан чемпиондарды өсіріп, тәрбиелеген ұстахана деуге болады. Сондықтан мен дәл осы жерде, әсіресе балалар арасында Қазақстан біріншілігінің өтуін көптен армандаған едім. Менің арманымды жүзеге асыруға көмектескен ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Спортқа құмар көптеген жас зілтеміршілерді көргеніме өте қуаныштымын, – деді Илья Ильин.

Ауыр атлетикадан Қарағанды облысы Федерациясының Президенті Святослав Радченконың айтуынша, бұл жарыстар жаңа ауысым дайындау үшін үздік жас спортшыларды анықтайды.

Қарағанды облысынан біріншілікке 45 спортшы қатысады.

Чемпионат 6-12 маусым аралығында ұлдар мен қыздар арасында (2009 ж.т. және одан кіші) Қазбек Нұржанов атындағы жеңіл атлетика манежінде өтуде.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button