Аймақ

Қарағандыда 7 жасар баланы көлік қағып кетті

 «Volkswagen Touran» автокөлігінің жүргізушісі жолға шығып бара жатқан баланы қағып кетті.

Оқыс оқиға кеше, 29 мамыр күні сағат 18.00 шамасында Степной-4 шағын ауданындағы болған. Тұрғындардың айтуынша, көлік ауланы кесіп өтіп бара жатқан сәтте  бала жолға жүгіріп шыққан.

– Степной-4 шағын ауданында «Volkswagen Touran» автокөлігінің 57 жастағы жүргізушісі 7 жасар баланы қағып кетті. Факт полицияда тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды, сараптама нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – дейді облыстық полиция департаменті.

– Бала профессор Х.Ж.Мақажанов көпсалалы ауруханасына жеткізіліп, балалар жарақаты бөліміне жатқызылды. Жамбас сүйектері сынған. Жағдайы тұрақты, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандары.

 Полиция жүргізушілерді тұрғын үй секторында өте сақ болуға, рұқсат етілген жылдамдықтан асырмауға шақырады. Жаз мезгілі келді, оның үстіне мектеп оқушылары демалысқа шығады, демек аулаларда балалар көп болады. Автокөлік жүргізушілері өте мұқият болуы керек екенін қатаң ескертті.

Нұрзат ТІЛЕУБЕРГЕН,

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ІІІ курс студенті

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button