Аймақ

Қарағандыда 7 және 9 мамыр мерекелері қалай тойланады?

Қарағандыда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шаралар басталды. 7-ші мамырға 200-ге жуық іс-шара жоспарланған: флешмобтар, ерлік сабақтары, байқаулар, фестивальдар, көрмелер және т.б. 9-шы мамырда белсенді жастар мен еріктілер халық көп жиналатын жерлерде «Жеңіс ленталарын» таратады. Таңертең Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ескерткіштері мен монументтеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері өтеді. Ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін мерекелерімен құттықтайды. Қайырымдылық шаралары да жоспарлануда.

6-шы мамыр

Ту тұғыры, 10:00

Отан қорғаушылар күніне арналған флешмоб. Қарағандылықтар Қазақстанның әнұранын шырқауға шақырылады.

Оңтүстік-Шығыста Ту тұғырының артында, 10:30

Облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің 76-шы жеңіл атлетика эстафетасы өтеді.

67 мамыр

Орталық мәдениет және демалыс саябағы, 12:00

Ардагерлер арасында волейболдан қалалық ашық турнир

7-ші мамыр

Орталық мәдениет және демалыс саябағы

11:00–14:00 –Жауынгерлер достығы ән фестивалі. Жас орындаушылар мен әскери бөлімдердің шығармашылық өкілдері қатысады.

14:00–15:00 – Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік өнерпаздарының мерекелік концерті

17:00–18:00 –Жауынгерлер достығы ән фестивалінің гала-концерті

18:30–22:00 – “Dudar-ai” Open Air концерттік бағдарламасы

Теміржолшылар мәдениет үйі, 12:00

«Ұранды ердің, ұрпағы қайсар» атты мерекелік шара

Жаңа Майқұдық мәдениет үйі, 12:00

«Ерлер – елдің қорғаны» әскери-патриоттық әндер фестивалі

«Молодёжный» мәдениет үйі, 12:00

«Победный майский день весны» патриоттық әндер байқауы

С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры, 17:00

«Майдан хаттары» концерт-спектаклі

.С. Станиславский атындағы орыс драма театры, 17:00

«Игра вслепую» қойылымы

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры, 17:00

Анна Беспалованың жеке концерті

8-ші мамыр

Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ​​облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

«Ұлы Жеңіске мың тағзым!» көрме-викторинасы

8-ші мамырға дейін

Абай атындағы Қарағанды ​​облыстық балалар кітапханасы, 11:00

«Әскер – ел қорғаны» АӘД сабағы

9-шы мамыр

Орталық мәдениет және демалыс саябағы

12:00–13:30 – «Ерліктің даңқы өшпес» атты концерттік бағдарлама;
13:30–14:00 – Қарағанды ​​академиялық музыкалық комедия театры әртістерінің қойылымы;
14:00–15:00 – Қарағанды эстрада театрының концерттік бағдарламасы.
Үстел ойындарынан жарыстар: дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ. 

«Шалқыма» концерт залы, 15:00

«Ерлік даңқы өшпес» атты мерекелік концерті

С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры, 17:00

«Майдан хаттары» концерт-спектаклі

К. С. Станиславский атындағы орыс драма театры, 17:00

«Прощай, конферансье» қойылымы

910 мамыр

«Жастар» спорт кешені, 10:00

«Жеңіс кубогы» қалалық ашық біріншілігі

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button