Аймақ

Қарағандыда 45-ші орамдағы балалар ауруханасы бұдан былай науқастарды қабылдамайды

Қарағанды ​​тұрғыны 45-ші орамдағы облыстық балалар клиникалық ауруханаса құлақ ауруымен апарған баласын қабылдаудан бас тартқанын айтып шағымданған. Тұрғын аурухана қызметкерлерінің тұрғылықты мекенжайындағы емханаға баруын ұсынғанын айтты.

Сурет: patriotnews.kz

– Қазір 45-ші орамдағы балалар ауруханасы бұрынғыдай төтенше жағдайдағы науқастарды қабылдамайды. Баланың құлағы қатты ауырғандықтан бүгін таңғы 8-де бардық. Жағдайды түсіндіріп, бізге лор дәрігерінің көмегі қажет екенін айттық. Бізге тұрғылықты мекенжайдағы ауруханаға баруымызды айтып, медициналық ешқандай көмек көрсетілмеді. Бірақ біз бұл ауруханаға арнайы келдік, өйткені білікті дәрігерлер көп және бұрын еш қиындықсыз ем қабылдап жүргенбіз. Сонымен қатар біздің емханаларда (үйдің жанында) ылғи бітпейтін кезектер болатындықтан, алдын ала жазылу арқылы ғана кіруге болады. Мен сияқты аналар балаларымен келіп, босқа уақыттарын өткізбесін», – деп жазды қала тұрғыны.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағандыда облыстық көпсалалы балалар ауруханасының жаңа ғимараты пайдалануға берілгені хабарланған болатынбыз, ол қазір Шахтерлар даңғылы, 81/1 мекенжайы бойынша орналасқан.

Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы барлық емхана дәрігерлері жоғарыда аталған мекенжай бойынша жұмысын бастағанын хабарлайды.

– Жаңа ғимаратқа стационарлық дәрігерлер мен бөлімшелерді көшіру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, – дейді Денсаулық сақтау басқармасы мамандары.

Сәйкесінше, облыстық балалар ауруханасының жаңа ғимаратында шұғыл науқастарды қабылдау да жүзеге асырылатын болады. Қазіргі уақытта қабылдау тәулік бойы жұмыс істейді.

Сондай-ақ басқарма 45-ші кварталдағы балалар ауруханасының ескі ғимаратында жөндеу жұмыстарын жүргізбек. Жыл соңына дейін ғимарат медицина қызметкерлеріне арналған баспанаға айналады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button