Қарағандыда 30 қыркүйектен бастап жылу беріледі
Қарағандыда 30 қыркүйектен бастап жылу беріледі. Ал 28 қыркүйектен бастап жылытумен жабдықтау алдымен әлеуметтік мәдени тұрмыстық (ауруханаларда, балабақшаларда, мектептерде) объектілерде іске қосылады.
2022 жылғы 26 қыркүйекте Қарағанды қаласының әкімдігінде арнайы комиссия отырысы өтті.
Облыстық мәслихаттың XII сессиясының
шешімімен Қарағанды облысында
жылыту маусымына дайындық және өткізудің
2013 жылғы 14 наурыздағы 129 қағидаларын
басшылыққа ала отырып, Қарағанды
метеорология орталығының деректерін барлық
мүдделі тараптардың келісімі бойынша 2022-2023 жж жылыту маусымын бастау күні – 2022 жылғы 30 қыркүйек болып белгіленді. Қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев 27 қыркүйектен
бастап ЖЭО-1, ЖЭО-3, жылу желілерінде және
станцияларда іске қосу алдындағы жұмыстардың, циркуляциялық режимді орнату іс-шараларының жоспарын іске асыруды бастауды тапсырды.
28 қыркүйектен бастап жылытумен жабдықтау
бірінші кезекте әлеуметтік мәдени тұрмыстық
(ауруханаларда, балабақшаларда, мектептерде)
объектілерде іске қосылатын болады.
Тұтынушыларды орталық жылумен жабдықтауға қосу кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Тұрғын үйлерді қосу ПИК МИБ және ҚС өтінімдері бойынша іске асырылады.