«Қарағанды Жарық» айыппұл арқалады
Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы «Қарағанды Жарық» ЖШС-ін 4 900 000 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартты.

– Кәсіпорын Қарағанды облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізілімінің электр энергиясын жеткізу қызметі бойынша жергілікті бөлімінің мүшесі болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті 2022 жылы «Қарағанды Жарық» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның барысында заң бұзушылықтар анықталды. Компания шаруашылық жүргізуші субъектісімен электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетуге шарт жасаудан бас тартқан, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Тексеру нәтижелері бойынша департамент осы баптың 4-бөлігі бойынша сотқа жүгінген. Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы «Қарағанды Жарық» ЖШС-ін жауапкершілікке тарту және 4 900 000 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы шешім қабылдады. Шешімнің көшірмесі тапсырылған күннен бастап 10 күн ішінде шағымдануға болатыны атап өтілген.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ,
Ortalyq.kz