АймақҚарағанды

Қарағанды облысының жолдарындағы жағдай туралы

Бүгін, 5 қаңтарда сағат 09:00-ден бастап Қарағанды облысында ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, боран, екпінді жел, көрінудің шектелуі) автокөліктің барлық түрлері үшін барлық бағыттар бойынша қозғалыс жабылды. Аймақ аумағында дауылды ескерту жалғасуда.

Бекеттерде 596 техника тоқтатылды, онда 1784 адам бар. Жолда қалып қойғандардың басым бөлігі Балқашта шоғырланған.

Сурет: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, өткен тәулікте екі іздестіру-құтқару және 21 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілген. 105 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 18 бала. Қар құрсауынан 11 бірлік техника шығарылды.

Бүгінгі таңда барлығы 309 адам, оның ішінде 61 бала эвакуацияланды. Қардан 91 бірлік техника шығарылды.

Қарағанды облысының ТЖД азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Синоптиктердің мәліметінше, 6 қаңтарда Қарағанды облысында қарлы ауа райы сақталады. Ауа температурасының айтарлықтай жоғарылауына байланысты боран болады. Облыстың солтүстік-шығысында және оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

– Алтыншы қаңтарда түнгі температура 0-ден -5 аязға дейін сақталады. Ал 7 қаңтарда айтарлықтай жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстік – батыстан соғатын жел 9–14 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде жел екпіні 18 м/с сақталады. Ауа температурасы түнде және күндіз 3–8 аяз, облыстың солтүстігі мен шығысында – 1–2 жылылықты көрсетеді. Қарағандыда 1-4 қаңтар аралығында 12,5 мм жауын-шашын түсті. Қаңтардың бірінші онкүндігінде өңір үшін қар нормасы 8 мм болып саналады, – деп хабарлады “Қазгидромет” РМК Қарағанды филиалының инженер-синоптигі Елена Михайлова.

Ауа-райының өзгеруі және автожолдардың жай-күйі туралы жедел ақпарат “Дармен” мобильді қосымшасында, сондай-ақ ТЖД-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында қолжетімді.

Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы мына телефондарға хабарласуға болады: 112 немесе (8-7212) 43-36-36, 43-37-37.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button