АймақҚарағанды

Қарағанды облысының прокуратурасы кәсіпкерлер үшін коммуналдық тарифтердің есебін өзгертті

Уақтылы қадағалау шаралары мен уәкілетті органдардың қызметін үйлестірудің арқасында шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін коммуналдық қызметтерге тарифтерді есептеудің оң тәжірибесін қалыптастыруға мүмкіндік туды.

Сурет: ratel.kz

Атап айтқанда, Теміртау қаласында кәсіпкер мектептегі оқушыларды тамақтандыру конкурсында жеңімпаз атанған. Жасалған келісім аясында асхананы жәнек жабдықтар жалға алу берілген. Келісім шарттарына сәйкес коммуналдық қызметтер үшін төлемақы үй-жайдың иесі – мемлекеттік органға аударылған.

Алайда, бұл кәсіпкерді айтарлықтай негізсіз шығындарға әкелген, себебі бизнес үшін тариф 14 теңге, ал мемлекеттік органдар 90 теңге құрайды, яғни 6,5 есе көп.

– Кәсіпкерліктің мүддесін қорғау үшін прокуратура келісімшарт талаптарын өзгертуге қол жеткізді. Енді электр энергиясы үшін төлемдер кәсіпкер орнатқан есептегіш құралдардың көрсеткіштері бойынша тікелей жеткізушілерге, ал жылу энергиясы үшін – үй-жайлардың ауданына қарай төленеді.

Бұл шаралар бір кәсіпкерге жылына 1 миллион теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда, – дейді облыстық прокуратура мамандары.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button