Бас тақырыпРесми

Қарағанды облысының әкімі “Твиттерге” тіркелді

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов “Твиттер” желісіне тіркеліп, алдағы уақытта тұрғындарды алаңдатқан әр мәселені жеке бақылауына алатынын хабарлады.

  • Жеке аккаунт ашу туралы шешім қабылдадым. Мұнда облыс жаңалықтары мен жұмысымыз туралы жазамын. Сондай-ақ тұрғындардан да кері байланыс күтемін. Әр мәселені жеке қарастыратын боламын, – деп жазды Ерлан Қошанов өзінің “Твиттер” парақшасында.

Сонымен қатар, Қарағанды облысына қарасты аудандар мен қалалардың әкімдері де халықпен жұмыс істеудің жаңа форматына өткенін айта кеткен жөн.

*Аудандар мен қала әкімдерінің әлеуметтік желідегі парақшасын инфографикадан көре аласыздар

Басқа материалдар

Back to top button