Бас тақырыпОблыс әкімі

Қарағанды облысының әкімі көктемгі тасқынға дайындық барысын тексерді

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Бұқар жырау ауданына барған жұмыс сапарында көктемгі тасқынға дайындық барысын тексерді. Аудандағы 16 ауылға жыл сайын қар суы қауіп төндіреді. Биыл табиғи апаттың алдын алу мақсатында бірқатар жұмыс істелген.

Аудан әкімі Шагурашид Мамалиновтың айтуынша, ауданда 25 ақпаннан бастап су өткізу құбырлары, суағарлар мен арықтарды тазалау жұмыстары басталған. Сондай-ақ, суағарлар кеңейтіліп, қорғаныс дуалдары биіктетілген және ауылдар қардан аршылып, өзендердің мұздарын жару жұмыстары жүргізіліпті. 

– Бөгеттердің арқасында өткен жылы біз суды ұстап қалдық. Биыл да солай болады деп ойлаймын. Қыстың соңғы күндері көп қар жауды, 80%-ға дейін түсті. Бұл ауылдарды су басудан қорғау үшін барлық шараларды жүргізу керек , – деді облыс әкімі Ерлан Қошанов.

Аймақ басшысы тасқынға дайындық жұмыстарын өз бақылауында ұстайтынын айтып, қарбалас кезеңді оқыс оқиғасыз өткізу керектігін айтты. 

Басқа материалдар

Back to top button