Covid-19Коронавирус

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шығарылды

Қарағанды облысының аумағында коронавирустық инфекция аурушаңдығының өсуіне және облыстың “қызыл” аймаққа кіруіне байланысты, облыс тұрғындары арасында КВИ одан әрі таралуының алдын алу мақсатында, ағымдағы жылғы 12 қаңтардағы Ведомствоаралық комиссия шешімі және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларының талаптары негізінде Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шығарылды.
Осылайша, облыстың барлық аумағында келесілерге:
– “ASHYQ” қосымшасына қатысатын объектілерде 30 адамға дейін еске алуды жүргізуді қоспағанда, отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, туған күндер, шығарып салу, “құдалық”, той, “беташар” және басқалар) қоса алғанда, ашық ауада да, оның ішінде үйде бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады;
“Ashyq” жобасына қатысқанына қарамастан келесілерге:
– концерт залдары, филармониялар, театрлар, цирктердің қызметіне;
– діни бірлестіктер объектілерінде (мешіттер, шіркеулер, соборлар және т. б.) ұжымдық іс-шаралар (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге;
– конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізуге;
жеке кездесулер өткізу, 10 адамға дейін екпе алғандарды қоспағанда;
– түнгі клубтардың қызметі;
– қоғамдық тамақтану объектілерінде бар үстелшесінде қызмет көрсетуге,
– караокеде ән айту және би бойынша қызметтер ұсынуғатыйым салынады, тек қоғамдық тамақтану бойынша қызметтер үшін 50%-дан асырмай, бірақ 50 адамнан артық емес болуы тиіс.
Қоғамдық тамақтану объектілерінде бір үстелге келушілер саны 4 адамға дейін (әртүрлі үй шаруашылықтарынан) қысқарады, бұл ретте адамдар арасындағы қашықтық кемінде 1,5 метр болуы тиіс, толтырылу деңгейі 50%-ға дейін, бірақ 50 адамнан аспауы тиіс.
Кинотеатрлардың қызметіне “Ashyq” жобасына тек “жасыл” мәртебесі бар тұлғалар үшін қатысу шартымен, толымдылығы 30%-дан аспайтын жағдайда рұқсат етіледі.
Тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерін қоспағанда, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 70%-ы қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды жүргізуге қарамастан қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырылады.
Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауын ескере отырып, мыналарды қамтамасыз ету қажет:
– барлық ауылдық мектептерде және қалалар мен аудан орталықтарындағы 600 оқушыға дейінгі мектептерде штаттық форматта оқыту;
– штаттық форматта оқитын 1-2-сыныптарды қоспағанда, 600 және одан да көп оқушымен қала мектептері мен аудан орталықтары мектептерінде қашықтықтан оқыту форматына және 3-тен 5-сыныпқа кезекші сыныптар түрінде оқытуға көшіру;
– жоғары оқу орындары мен колледждерде аралас форматта оқу, яғни барлық дәрістерді икемді кесте бойынша онлайн өткізу: практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар штаттық форматта;
– вакцинацияланған оқушылар мен вакцинациялаудың толық курсын аяқтаған студенттерді оқу орны әкімшілігінің қалауы бойынша штаттық режимде оқытуға рұқсат етіледі;
мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында оқыту – жеке сабақтар – штаттық режимде, топтық сабақтар – 10 адамға дейін, бұл ретте мүмкіндігі шектеулі балаларға/ересектерге арналған түзету орталықтарында /кабинеттерде – 8 адамға дейін жеке және топтық сабақтар – штаттық режимде, 8 және одан да көп адамнан онлайн форматта өткізіледі.
Бұдан басқа, бұқаралық іс-шараларды (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстарын және т. б.) өткізуге;
– мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіретін іс-шараларға тыйым салынады;
– зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін жою;
– бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын ажырату (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып);
бөгде адамдардың кіруіне тыйым сала отырып, COVID-19-ға қарсы вакцинациясы бар студенттерді жатақханаға орналастыру (18 жасқа толмаған, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып жазылған студенттерді жатақханаға орналастыруға жол беріледі).
“Ashyq” жобасына қатысатын келесі нысандарға тек “жасыл” мәртебесі бар адамдар ғана кіре алады:
– сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда алаңы 100 ш. м. асатын сауда желілері (азық-түлік емес), сауда алаңы 6000 ш. м. асатын сауда желілері (азық-түлік);
– спорттық-сауықтыру орталықтары, фитнес-орталықтар, йога-орталықтар, моншалар, сауналар, бассейндер;
– көрермендермен 20-дан аспайтын толтырылған жағдайда спорттық іс-шаралар өткізуге рұқсат етіледі;
– 50%-дан аспайтын толымдылықпен спорттық жаттығуларға;
– компьютерлік клубтар қоса алғанда, PlayStation клубтар толымдылығы 50% – дан аспайды.
Қоғамдық көлікте адам санын азайту мақсатында ұйымдарда (кәсіпорындарда) сараланған жұмыс кестесі енгізіледі.
Бұдан басқа, отырғызу орындарының саны бойынша салондарды толтыра отырып, бар бағыттар бойынша қоғамдық көлік санын арттыру қажет.
Сондай-ақ, вакцинация мәртебесіне қарамастан шетелден келген барлық адамдар үшін материалды іріктеу сәтінен бастап 72 сағаттан ерте емес ПТР тестінің теріс нәтижесінің болуы қажет.
Облыс тұрғындарына коронавирустық инфекцияның ауыр көріністерін дамыту қаупі жоғары медицина қызметкерлері мен 60 жастан асқан адамдарды “Комирнати” (Pfizer) вакцинасымен қайта вакцинациялау мүмкіндігі бар екендігі туралы хабарлаймыз.
Қаулы 2022 жылғы 17 қаңтарда сағат 00-де күшіне енеді.

Басқа материалдар

Back to top button