Бас тақырып

Қарағанды облысының Абай ауданында – үш жаңа әкім

30-шілдеде Абай ауданының Абай қаласы, Көксу ауылдық округі және Южный кенті әкімдерінің сайлауы өтті.

Бұл жолы да сайлау халықтың тікелей сайлау жолымен екінші мәрте жүзеге асырылды.

Сайлау қорытындысы бойынша Абай сайлау округі бойынша қала әкіміне үміткер болып тіркелген 3 адамның арасынан басым дауыс жинаған Нұржан Тасмағамбетов Абай қаласының әкімі болып сайланды.

Ал, Көксу сайлау округі бойынша бәсекелескен үшеудің бірі – Айым Кашимова да басым дауысты иеленіп, округ әкімі болып сайланды.

Южный сайлау округінде басқалардан көп дауыс жинаған Бақыт Икишева жеңіске жетіп, осы кенттің әкімі орынтағына отырды.

Абай ауданында жаңадан сайланған әкімдердің үшеуі де AMANAT партиясынан ұсынылған үміткерлер.

Салтанат ІЛИЯШ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button