Қарағанды облысында жаңбыр аралас қар жауады
Бүгін, 18 қарашада, Қарағанды облысының бірқатар ауданында жауын-шашын күтіледі. Синоптиктердің болжамынша, өңірдің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр аралас қар жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.

Облыс аумағында түнгі ауа температурасы -5…-10 градус аралығында болады. Шығыс бөлігінде сынап бағаны -14 градусқа дейін төмендесе, оңтүстікте +1 градус шамасында сақталады. Күндіз ауа температурасы +3 градусқа дейін көтеріліп, оңтүстік аудандарда -6 градусқа дейін төмендейді.
Сонымен қатар, өңірдің батысы, шығысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Батыс және оңтүстік бөліктерде желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді.
Ал Қарағанды қаласында жайлы ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасы 0…+2 градус шамасында болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



