Бас тақырыпРесми

Қарағанды облысындағы санитарлық бекеттерде 54 мыңнан астам адам тексерілді

Қарағанды облысының автомобиль жолдарында 6 санитарлық бекет жұмыс істеуде. Онда полиция мен санитарлық қызмет мамандары кезекшілік етеді. Олар жүргізушілер мен жолаушылардың денсаулық жағдайын тексереді. Тепловизордың көмегімен температуралық бақылау жүргізіледі.


Санитарлық бекеттер ашылған сәттен бастап олар арқылы 26 700 көлік өтті. Байланыссыз термометрия 54 мыңнан астам адамға жасалды. Қызуы бар жолаушылар ауруханаға жатқызылады. Облыс аумағына кіретіндер де сауалнамалар толтырады.
Бұған дейін хабарланғандай, Қарағанды облысында коронавирустық инфекция зертханалық түрде төрт адамда расталды. Барлық осы жағдайлар сырттан келгендерден анықталды. Ауырғандар Қарағанды облысының тұрғындары болып табылмайды. Жұқтырғандар оқшауланған бокстарда емделуде. Дәрігерлер пациенттердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалайды.

Карантинде 295 адам тәулік бойы бақылауда. Бұл – 1А санатындағы елдерден оралған немесе шартты түрде жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтар. Тағы 342 адам үй жағдайында карантиннен өтуде.
Облыста 9000 астам объектілерде санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілген. Тәртіп бұзушылықтар қатаң қадағаланады және жедел түрде жойылады. Кінәлі адамдарға айыппұл тағылады немесе әкімшілік қамауға алынады.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері әкімшілік сотқа 80-нен астам іс тапсырды. Оның 28-і бойынша шешім шығарылды. 11 жағдайда әкімшілік қамауға алынып, ал қалғандары бойынша айыппұл салынды. Тағы 54 іс алдағы уақытта қаралатын болады.
 

Басқа материалдар

Back to top button