Қарағанды облысында су деңгейі көтеріледі

Кагидромет мамандарының хабарлауынша Қарағанды облысындағы өзендерде су деңгейі көтеріледі.   

«Күндіз және түнде ауа температурасының жоғарылауына байланысты   Қарағанды облысының өзендерінде 14-15 наурыз аралығында қардың еруі мен қарғын судың жиналуына және өзендерде мұздың еруіне байланысты су деңгейінің көтерілуі күтіледі», — синоптиктердің ескерту хабарламасында.