Аймақ

Қарағанды облысында шағын өнеркәсіп аймақтарын құру мәселесі пысықталады

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев 19 сәуірде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау бойынша іс-қимыл жоспарын ұсынды. Әрбір ауданда, моноқалада өсу нүктелерін құру қажет, деп атап өтті ол.

– Президент инвестицияларды тарту, әртараптандыру және индустрияландыру экономикасын дамытуды “бағындыру” бойынша жұмысты жандандырудың маңыздылығын атап өтті. Әрбір аудан, моноқалалар мен қалалар деңгейінде өсу нүктелерін дамыту және құру қажет. Әр өңірдің бәсекелестік артықшылықтарын талдауды, биылғы жылы іске асыру үшін кемінде бес ірі инвестициялық жобаны ұсынуды тапсырамын, – деді Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңесте.

Сондай-ақ әлеуетті шетелдік инвесторлар үшін жобалар пулын қалыптастыру қажет.

Облыс әкімі шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру мәселесін пысықтауды тапсырды. Бұған кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармалары, қалалар мен аудандардың әкімдері “Сарыарқа” ӘКК және өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп қатысады.

Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша тапсырмалар берілді. Ол үшін өңірде “Мен кәсіпкер” атты жаңа жоба жүзеге асырылуда.

Ермағанбет Бөлекпаев энергетика, ауыл шаруашылығы, халықтың табысын арттыру саласындағы міндеттерді атап өтті. Денсаулық сақтауды цифрландыру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

– “Халық үніне құлақ асатын мемлекетті” одан әрі іске асыру үшін басшылар азаматтардың өтініштері мен шағымдарына ден қою бойынша нақты және нәтижелі жұмыс жүргізіп, өңірлердің жүйелі проблемаларын анықтап, уақтылы шешім қабылдауы тиіс. Біз барлығымыз өңір азаматтарының игілігі үшін бірігіп жұмыс істеуіміз керек, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button