Аймақ

Қарағанды облысында мамыр мерекелеріне дайындық басталды

1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 267 іс-шара жоспарланған. Өңірде орталық алаңдар мен саябақтарда мерекелік концерттер, әлеуметтік жәрмеңкелер, экологиялық және қайырымдылық акциялар, тақырыптық көрмелер, фестивальдар мен челлендждер ұйымдастырылады.

17 сәуірден бастап Қарағанды облысында «Бір шаңырақ астында» челленджі бастау алған болатын. 26-27 сәуір күндері  біздің өңірдің делегациясы Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық ХХХІІ сессиясына қатысады, 28 сәуірде Қарағанды қаласының Достық үйінде республикалық сессияның қорытындысы бойынша облыс әкімінің қатысуымен дөңгелек үстел өтеді.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай облыста 160 іс-шара жоспарланған. Әнұранды орындап, Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтере отырып, әскери техника мен қару-жарақ көрмелері, саябақтар мен адамдар көп жиналатын орындарда тақырыптық қойылымдар, мектептерде ашық сабақтар өтеді.

9 мамыр – Жеңіс күні-соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлерін құттықтау жоспарланған. Ардагерлерді құттықтау форматы азық-түлік себеттерін үйлеріне апарып табыстаумен, сондай-ақ 1,5 миллион теңге мөлшерінде біржолғы төлем беру жүзеге асырылады. Барлығы 300-ге жуық іс-шара жоспарланған.

«Ардагерлерге тағзым» қайырымдылық акциясы аясында соғысқа қатысқандарға, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер, төтенше жағдайлар органдары қызметкерлерінің отбасыларына Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылады.

«Ер есімі – ел есінде» арнайы платформасында соғыс батырлары туралы онлайн-акция басталады, 7 және 9 мамырда барлық елдімекендерде гүл шоқтарын қою рәсімдері ұйымдастырылады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button