Қарағанды облысында коронавируспен күреске 540 медициналық қызметкер тартылды

Қарағанды облысында төтенше жағдай режімі 16 наурыздан бастап жұмыс істейді. Өңір қоймалары азық-түлікпен қамтамасыз етіліп, ауруханалар күшейтілген жұмыс режіміне көшуде. Оқушылар мен студенттер демалысқа жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қазір облыста жұқпалы инфекцияны емдеу үшін 300 және COVID – 19 короновирусымен ауыратын науқастарды оңалту үшін 48 төсек қарастырылған. Сондай-ақ 770 провизорлық және 1 325 карантин төсегі бар. Олар Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Сәтбаев қалаларының ауруханаларында орналасқан.

Госпитальдарда жұмыс істеу үшін дәрігерлердің 4 мультисциплинарлық командасы белгіленген. Олардың құрамына инфекционист, пульмонолог, кардиолог, нефролог, терапевт және педиатр кіреді. Сонымен қатар 3 анестезиолог–реаниматолог бригадасы, орта және кіші медицина қызметкерлерінен 9 бригада ұйымдастырылды. Жұмысқа барлығы 540 медициналық қызметкер тартылды. Карантиндік жұмыс кестесі бекітілді.

Бүгінгі күні карантинде 113 адам тәулік бойы бақылауда. Бұл 1А санатындағы елдерден оралған немесе шартты түрде жұқтырғандармен байланыста болған азаматтар. Үй карантинінде 39 адам, медициналық бақылаумен өзін–өзі оқшаулауда — 284 адам, қашықтықтан мониторингіде — 273 адам. Олардың барлығы өздерін жақсы сезінеді, ауру белгілері жоқ.

Облыстың тұрақтандыру қорында 300 тонна бидай ұны, 24,5 тонна қарақұмық жармасы, 37,6 тонна күнбағыс майы, 189 тонна қант, 1700 тонна картоп, 30 тонна сәбіз, 50 тонна пияз және 50 тонна орамжапырақ бар. Қосымша қарақұмық жармасы, күріш, күнбағыс майы мен көкөніс сатып алуд жоспарланып отыр.

Сондай-ақ өңірде ұн өндіру үшін жеткілікті астық қоры бар.

Азық-түлік тауарларының бағасы көтерілмейді. Әзірге тек қант бағасы сәл артты — бұл өнімді шығарушы Беларусь зауытында өзіндік құнының қымбаттауына байланысты.

Облыста азық-түлік үздіксіз жеткізілуде. Көлік қатынасында проблемалар жоқ. Өңірдің барлық автопарктері бұрынғы тәртіпте, маршруттарды қысқартусыз жұмыс істейді. Қарағанды қаласынан Алматы, Қызылорда, Өскемен және Жезқазған қалаларына жолаушы пойыздары еш өзгеріссіз жүреді.

Ресеймен көлік қатынасы тоқтатылды. Тікелей жолаушылар пойыздары, тіркеме және тікелей қатынайтын вагондар тоқтатылды. Бұрын сатып алынған билеттерді қосымша төлемсіз және айыппұлсыз тапсыруға болады. Сондай-ақ әуе қатынасы тоқтатылды. 18 наурызда Қарағанды-Мәскеу бағытындағы соңғы рейс орындалды. 19 наурыздан бастап осы бағыт бойынша ұшу тоқтатылады. Сондай-ақ, 17 наурыздан бастап Қарағандыдан Новосібір қаласына авиарей тоқтатылды.

Облыста АИ-92/93 бензині мен дизель отынының қоры жеткілікті.

Барлық нысандар облыстың ірі кәсіпорындары штаттық режімде жұмыс істейді. Облыстық коммуналдық қызмет мамандары да бұрынғы режімде жұмыс істейді. Су, жылу және электр энергиясы беруде іркіліс жоқ.

Барлық оқушылар 16 наурыздан бастап демалысқа жіберілді. Жақын арада олар барлық пәндерден өз бетінше орындау үшін тапсырма алады.

Облыста барлығы 507 жалпы білім беретін мектеп бар. Онда 198 571 бала оқиды және 17 792 педагог жұмыс істейді. Қазір оқытушылар қашықтан жұмыс істейді.

Сонымен қатар, өңірде 10 арнайы түзету мектеп-интернаты бар. Онда 1 053 бала оқиды. Олардың барлығы да қазір каникулда.

Облыста қосымша білім беру ұйымдарының саны 100, оның ішінде 88 мемлекеттік. Онда 75 421 бала оқиды. Қазір мектептен тыс ұйымдардың қызметі уақытша тоқтатылды.

Сондай-ақ өңірде 70 колледж жұмыс істейді. Олардың барлығы электрондық оқыту платформасына қосылған.

Тек 70 студенттің интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ. Олар үшін арнайы оқыту «Қазпошта» АҚ қызметі арқылы жүзеге асырылады.

Қалған 36 900 студент Bilimal, Platonus, Smart College және Moduls жүйелерінің көмегімен оқиды. Сабақтар бейне сабақтар, дербес онлайн-жұмыстар, онлайн курстар, чат сабақтар, веб сабақтар, телеконференция және телесабақтар түрінде өтеді.