Аймақ

Қарағанды облысында үйсіз жануарларды зарарсыздандыру басталды

Қарағанды облысында қаңғыбас жануарларды аулауға, вакцинациялауға, зарарсыздандыруға және чиптеуге кірісті. Бұл процедуралар қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Қарағанды, Саран және Шахтинск қалаларында үйсіз жануарларды аулау, вакцинациялау, зарарсыздандыру және чиптеу процедуралары басталды. Бұл қалаларда қызмет көрсетушілер анықталған. Ол туралы облыс әкімдігіндегі аппараттық кеңесте ветеринария басқармасының басшысы Қайырбек Тұрсынбеков мәлімдеді.

– Қарағанды, Саран, Шахтинск қалаларында қаңғыбас жануарларды аулау, вакцинациялау, зарарсыздандыру және чиптеу жұмыстары жүріп жатыр. Негізгі қызмет көрсетуші – Қарағанды ветеринариялық станциясы. Бұл жұмыс зоологиялық қорғаушылармен бірлесіп ұйымдастырылған. Қарағандыда барлық рәсімдерден әзірге 14 ит өтті, олар мекендеу ортасына жіберілді, – деді Қайырбек Тұрсынбеков. – Бірінші кезекте біз үйсіз жануарларды мектептердің, оқу орындарының аумағынан және тұрғындардың өтінімдері бойынша аулап аламыз. Сондай-ақ, ЖЭО-1 ауданында қаңғыбас жануарларды уақытша ұстауға арналған учаске анықталды. Құжаттар ресімделеді.

Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев жүргізіліп жатқан жұмыстардың қажеттілігін атап өтіп, оларды бақылауда ұстауды тапсырды.

– Зарарсыздандыру, вакцинациялау, чиптеу жануарлар арасында жұқпалы аурулардың таралуын азайтуға, сондай-ақ қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын азайтуға көмектеседі, – деді Ермағанбет Бөлекпаев. – Сонымен бірге біз жануарларға жауапкершілікпен қарау қажеттілігін жұртшылыққа жеткізуіміз керек.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button