Жаңалықтар

Қарағанды облысында геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді

Жезқазған, Сәтпаев қалалары мен Ұлытау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешендің жоспарын жүзеге асыру аясында өңірдегі құрамында мыс кені бар  13 учаскеде барлау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда  8 учаскеде іздестіру жұмыстары аяқталды.  


Жезқазған кен орнының аумағында геологиялық барлау жұмыстарын «Қазақмыс» корпорациясы жүргізеді.
Қазгеология Ұлттық компаниясы «Rio Tinto» (Ұлыбритания), «ULMUS FUND» (Германия), «YILDIRIM GROUP» (Түркия), «Ghadir Mines Exploration & Industries Co» (Иран) халықаралық компанияларының қатысуымен геологиялық барлау жұмыстарын бастады. Аталмыш жұмыстар аяқталған соң барлық қорлар мемлекеттік балансқа тіркеледі.
Осы іс-шараларды өткізу өңір өнеркәсібінің дамуына және жұмыс орындарын құруға жаңа серпін береді, бұл біздің өңіріміздің және жалпы республиканың экономикалық өсуіне ықпал етеді.

 

Басқа материалдар

Back to top button