Аймақ

Қарағанды облысында екі жасар сәбиді көлік басып кетті

Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында оқыс оқиға орын алды. Екі жасар баланы УАЗ автокөлігі басып кеткен. Жүргізуші артқа шегіну барысында жолда баланың бар екендігін байқамаған.

Балаға  алғашқы медициналық көмек көрсетіп, емханаға жеткізген. Өкінішке қарай, жарақат алған бала көз жұмды. 

– Бала үйдің ауласында ойнап жүріп, жолға шығып кеткен. Жүргізуші оны байқамаған, өйткені бала көрінетін аймақта емес еді. Балаға жүргізуші алғашқы медициналық көмек көрсетіп, медициналық мекемеге жеткізген. Өкінішке қарай, олар баланы аман алып қала алмады, – дейді ауыл тұрғындары.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі баланың өліміне әкеліп соғу фактісін растады.

– УАЗ көлігінің 35 жастағы жүргізушісі артқа шегініп келе жатып екі жасар баланы басып кетті. Оқиға салдарынан жәбірленуші алған жарақаттарынан қайтыс болды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады,- дейді Қарағанды облысының ПД мамандары.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button