Қарағанды облысында бағаның негізсіз өсуін хабарлауға арналған жедел желі жұмыс істейді
Бүгінгі таңда ірі супермаркеттер мен азық-түлік базарларындағы азық-түлік бағасы бұрынғы деңгейде тұр. Қант бағасы ғана сәл өскен. Бұл Беларусьтегі өндіруші зауытта өнімнің қымбаттауына байланысты. Ол жайлы Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна Аблаева тікелей эфирде хабарлады.
Соған қарамастан, жақын арада қант бағасының айтарлықтай қымбаттауы болмайды. Облыстық тұрақтандыру қорында 200 тонна қант бар, ол қажет болған жағдайда әлеуметтік павильондар мен супермаркеттерге жеткізіледі.
– Баға мониторингі және әлеуметтік маңызы бар өнімдердің дүкен сөрелерінде болуы күн сайын бақылауда ұсталып отыр. Бірінші кезекте облыс халқының 80%-ын қамтитын ірі бөлшек сауда желілерінде. Қазіргі уақытта өңір тұрғындары орташа нормадан үш есе артық бакалея өнімдерін сатып алуына байланысты, тауарды қаптарға салуға қатысты және логистикамен аздаған кідірістер болуы мүмкін, – деп атап өтті Татьяна Аблаева.
Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың жоқтығына және бағаның негізсіз өсуіне қатысты мәлімдемелер жайлы жедел желі телефондары арқылы шағым жасауға болады: (8 -7212) 50 -76 -39 және (8 -7212) 42 – 12 -13.