Аймақ

Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға шағын несие алуға өтінімдер қабылдау басталды

Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға шағын несие алуға өтінімдер қабылдау басталды. Жоба 7 жылға есептелген.

Осы жылдар ішінде 1 миллионнан астам ауыл тұрғынын кооперативты жеке кәсіппен қамтып, 350 мыңнан астам адамды жұмыс орнымен қамту жоспарлануда,-дейді Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы.

Бұл жоба шағын несиелеу есебінен ауыл шаруашылығы кооперациясын белсенді дамыту арқылы ауыл халқының табысын арттыру үшін қажет.

Шағын несиелер беру бірнеше бағыт бойынша жоспарлануда.

Мал шаруашылығы саласында ІҚМ, ұсақ мал, құс шаруашылығын өсіруге 789,2 миллион теңгеге 276 шағын несие қарастырылған.

Өсімдік шаруашылығы саласында картоп, сәбіз өсіруге, жылыжай салуға 502,0 миллион теңге сомасына 177 шағын несие қарастырылған.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 968,8 миллион теңгеге 35 шағын несие берілетін болады.

Техника мен аспалы жабдықты сатып алуға 840,0 миллион теңге сомасына 75 шағын несие бөлінетін болады.

Ауыл шаруашылығы емес кәсіпкерлік (тігін шеберханалары, наубайханалар, дүкендер) 300,0 миллион теңге сомасына 90 шағын несие қарастырылған.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button