Аймақ

Қарағанды облысында «Қауіпсіз жаз» акциясы басталды

Қарағанды облысында жаз бойы жалғасатын «Қауіпсіз жаз» балалар акциясы басталды.


Акцияның мақсаты: жазатайым оқиғалардың алдын алу, су және өрт қауіпсіздігі бойынша қауіпсіздік нормаларын түсіндіру.
Акция аясында Қарағанды облысы ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері және “Қызыл Жарты Ай” ҚБ еріктілері Қарағанды қаласының аулаларында жазғы кезеңде қауіпсіздік шаралары бойынша үгіт-насихат алдын алу жұмыстарын жүргізеді.


Олар балаларға ойын түрінде су айдындарындағы өзін-өзі ұстау ережелерін айтып, суға батып бара жатқан адамды судан құтқару және зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарын көрсетті. Өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді. Отпен жұмыс істеу кезінде дұрыс тәртіпке ерекше назар аударылды. Жиналған ата-аналарға балалардың терезеден құлауының қайғылы жағдайының алдын алу шаралары түсіндірілді.
Балалармен қауіпсіздік викторинасы өткізілді, онда балалар дұрыс жауаптары үшін тәтті сыйлықтар алды.


Сонымен қатар, балалар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың арнайы техникасын мұқият қарап, құрал-жабдықтарды киіп көріп, мамандарға сұрақтарын қойды.


Сондай-ақ балаларға төтенше жағдайлар телефондары көрсетілген қауіпсіз тәртіп ережелері туралы профилактикалық парақшалар таратылды.
Мұндай шаралар алдағы уақытта  облыстың қалалары мен аудандарында да өткізіліп, жалғасын таппақ.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button