Аймақ

Қарағанды облысында қарияларға 460 млн теңге қаржылай көмек беріледі

Аймақ қарттары бірреттік материалдық көмек алады. Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында хабарлағандай, шара Халықаралық қарттар күніне орайластырылған.

 

Бұл мақсатта 460 миллион теңге бөлінген. Оның 45 миллионы бюджеттік емес қаражат. Бұл көмекті облыс бойынша 58,6 мың қария көреді.
Қоғамдық бірлестіктер мен түрлі қорлар мерекеге орай қайырымдылық шараларын өткізіп, мерекелік шаралар ұйымдастырмақ. Қалалар мен аудандарда көпшілікке арналған шаралар, сайыстар мен конкурстар, сондай-ақ, мерекелік дастархан жасалады. Әлеуметтік осал топтарға азық-түлік корзинасын, киім-кешек тарату жоспарланған. Сонымен қатар, жеке секторда тұратын көмір, отын-суын қамдап үлгермеген қарияларға жылыту маусымына дайындалуға көмектесетін болады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button