Жаңалықтар

Қарағанды облысында ардагерлерге қамқорлық көрсету айлығы басталды

Қарағанды облысының белсенді жастары Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және жалғыз басты зейнеткерлерге қамқорлық көрсетуде. Аймағымызда «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында қамқорлық көрсету айлығы басталды.

«Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қарттардың  үйлері мен аулаларын жинастырып, тұрмыстық және әлеуметтік мәселелерді шешуге көмек көрсетті.  Акцияның мақсаты – ардагерлерге қамқорлық көрсету және жастарға патриоттық тәрбие беру.

Акцияның алғашқы күнінде жасотандықтар 36 майдангер  мен тыл еңбеккерінің үйлеріне барып, оларға қажетті көмек көрсетті.

Бүгінде Қарағанды облысында 75 Ұлы Отан соғысының ардагері, 21 ҰОС мүгедегі, 10 мыңнан астам тыл еңбеккері тұрады.

 

Басқа материалдар

Back to top button