Жаңалықтар

Қарағанды облысында алты адам құтқарылды

Кеше, 29 наурыз күні Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тікұшақтың көмегімен Жаңаарқа ауданының 5 тұрғынын құтқарып қалды, сонымен қатар Абай ауданының бір тұрғынына шұғыл көмек көрсетілді.
Жаңаарқа ауданында Целинный ауылдық округінде еріген қар суының салдарынан балшық массасында 2 трактор тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелері құтқарушыларының тобы жіберілді. Көктемгі лайсаң және үлкен еріген қар суының салдарына ол жерге жету қиын болды. Осыған байланысты “Қазавиақұтқару” АҚ “Еврокоптер-145” тікұшағын тарту туралы шешім қабылданды. Орынбай ауылынан 19 шақырым жерде 5 адам табылып, бортқа алынып, Атасу ауылына жеткізілді.
Осы күні Абай ауданында жедел медициналық жәрдем бригадасы еріген судың көп болуына байланысты Алғабас ауылындағы шақырту орнына жете алмайтындығы туралы хабарлама келіп түсті. ТЖД құтқарушылары медициналық қызметкерлермен бірге “Трекол” жол талғамайтын-батпақпен жүретін техникасымен шұғыл көмекке мұқтаж ер адамды медициналық мекемеге жеткізді. 
Тағы бір құтқару операциясы Балқаш өңірінде өткізілді. Қарағанды облысының ТЖД құтқарушылары “Хивус” ауа жастығындағы катер-амфибияда 27 наурызда Балқаш көліне балық аулауға шығып, қайтып оралмаған ер адамды іздестіру жұмыстарын жүргізді. Ер адам Балқаш қаласынан оңтүстікке қарай 46 шақырым жерде Аққұм-Жетіарал түбегінде табылды. Медициналық көмекке мұқтаж емес.

Басқа материалдар

Back to top button