Бас тақырыпРесми

Қарағанды облысында 36 мың адам жұмысқа орналасты

Қарағанды облысында «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің жалпы саны 36 мың адам болса, оның 94 пайызы жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова мәлімдейді.

Аймақта «Еңбек» бағдарламасы үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Ол – кәсіби және қысқа мерзімді білім беру, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру және еңбек ресурстарының ұтқырлығы.

– Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға жыл басынан 700 адам жіберілді. Қысқа мерзімді курстардан шамамен 3 500 адам оқыды. Кәсіби курстарға 1900 тұрғын бағытталды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға биыл 1663 грант жоспарланса, оның 1037-сі берілді, – деді Әсем Жүніспекова. «Еңбек» бағдарламасы облыстың ауылдық аудандарын да қамтып отыр. Мәселен, ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл шағын несиелеуге 6 млрд. 58 млн. 251 мың теңге бөлінген екен. Шағын несиелердің басым бөлігін – Бұқар жырау, Қарқаралы және Жаңаарқа аудандарының тұрғындары алған.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button