Жаңалықтар

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Аймақ басшысы Ерлан Қошанов облыс активіне облыс әкімінің жаңа орынбасарын таныстырды. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Абзал Нүкенов тағайындалды. Абзал Нүкенұлы әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелеріне басшылық жасайды.

  • Абзал Нүкенұлы, сіз бірқатар бағыттарға басшылық жасайсыз. Ол білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, тілдер саясаты, ішкі саяси тұрақтылық пен конфессияаралық келісім, жастармен және БАҚ-пен жұмыс. Облыс әкімі орынбасарларының міндеттерін қайта қарастырдым. Енді халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту және еңбек қатынастары мәселелерімен облыс әкімінің өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары Алмас Айдаров айналысады. Осыған сәйкес тиісті өкімдерге қол қойдым, – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы Абзал Нүкенұлының жинақтаған мол тәжірибесі мен іскерлігін атап өтіп, алдағы жұмысына табыс тіледі. Сөз кезегінде жаңа орынбасар өзіне жүктелген сенім үдесінен шығып, әріптестерімен бірлесе, ел мүддесі үшін еңбек ететінін жеткізді.

Абзал Нүкенұлы Нүкенов 1978 жылы туан. Мамандығы – саясаттанушы, саяси ғылымдар кандидаты.

Еңбек жолын 2000 жылы «Отан» республикалық саяси партиясының орталық аппаратында бастады.

2005-2009 жылдар аралығында Алматы қаласы ішкі саясат департаментінің бөлім басшысы, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары.

2011-2016 жылдарда ҚР Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік кеңесі жағдаяттық орталығының меңгерушісі.

2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі қызметін атқарды.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасарлығына тағайындалғанға дейін «Астана» Халықаралық ғылыми кешені Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары болды.

Басқа материалдар

Back to top button