Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы болып Дастан Құдабаев тағайындалды. Осы тағайындауға дейін ол еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Мемлекеттік қызметте 2012 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. Әр жылдары Қарағанды қаласы әкімінің кеңесшісі, Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасында балалар және жастар үкіметтік емес ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, осы ведомствода ішкі бақылау жөніндегі бас маман, Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында персоналды басқару бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған.
2018 жылдың қыркүйегінен бастап осы тағайындауға дейін Қарағанды облысы еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.