Жаңалықтар

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылғы 9 айға аудиторлық қызметінің нәтижелері туралы

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясымен мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2017 жылы 9 айға 15 аудиторлық іс-шара жүргізілді, соның ішінде:

тиімділік аудитінің типі бойынша – 13;

сәйкестік аудитінің типі бойынша – 2.

Аудиторлық іс-шаралардың барысында 123 объект тексерілді, оның ішінде 86 мемлекеттік мекеме және 37 квазимемлекеттік сектор субъектісі.

Аудитпен 200 637 785,2 мың теңге көлеміндегі қаражат қамтылды, оның ішінде: жергілікті бюджеттердің қаражаты – 107 550 277,7 мың теңге, республикалық бюджеттің қаражаты – 93 087 507,5 мың теңге.

Қазақстан Республикасы заңнама нормаларының, сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің бұзушылықтары 102 объектіде 14 725 428,3 мың теңгеге (аудитпен қамтылған қаражат сомасының 7,3%) орнатылды. Қалпына келтірілуге (өтелуге) 12 719 514,6 мың теңге жатады, 12 622 127 мың теңге немесе 99,9% қалпына келтірілді (өтелді).

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша:

аудит объектілеріне – 15 аудиторлық қорытынды және 74 нұсқама жіберілді, аудит нәтижелері бойынша объектілер тарапынан тәртіптік жауапкершілікке 171 лауазымды тұлға тартылды;

мәслихаттарға – лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн сақтамауының анықталған фактiлерi бойынша 42 ұсыныс;

әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға (Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, Қарағанды облысы бойынша МСҚБ басқармасы, Нұра ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы) – 56 аудит материалы жіберілді.

Әкімшілік жауаптылыққа айыппұлдың жалпы сомасы 11 925,3 мың теңгеге 56 лауазымды адам тартылды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button