Аймақ

Қарағанды мектептерінің жанына қоқыс жинайтын контейнерлер қойылды

Қарағанды облысының мектептерінде қоқысты бөлек жинауға арналған контейнерлер пайда болды. Оларды табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері «Бөл, тапсыр, қайта өңде!» жобасы аясында орнатты.

Сондай-ақ балаларға қалдықтарды сұрыптау қажеттілігі туралы айтылды.

Дәрістердің бірі әл-Фараби атындағы № 102 мектеп-гимназиясында өтті. Эко-жаттықтырушылар оны ойын түрінде ұйымдастырды.

Ең белсенді оқушыларға сыйлықтар табысталды.

Мұндай сабақтар «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыруға бағытталған, оның мақсаты – табиғатқа ұқыпты қарау дағдысын қалыптастыру, халықтың экологиялық санасын жаңғырту.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button