Аймақ

Қарағанды кітапханасы облыстық жас ақындар форум-байқауын өткізеді

Н. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 12–13 қазан аралығында «Алаш» көшбасшысы Әлихан Бөкейханның мұрасына арналған «АлашTime» форум-байқауын өткізеді. Оған 18 жастан 28 жасқа дейінгі шығармашыл жастар қатыса алады.

Байқау екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде қатысушы екі өлең ұсынады. Жұмыстардың бірі Әлихан Бөкейханның тұлғасын ашуға арналуы тиіс. Екіншісі өлең еркін тақырыпта болуы шарт.

Екінші кезеңде тек іріктелген конкурсанттар қатысады, мұнда қазылар алқасының алдында өз шығармаларын жатқа оқу талап етіледі.

Өтінімдер мен байқау жұмыстары 1 қыркүйекке дейін kraeved_2014@mail.ru электронды поштасына қабылданады.

4 қыркүйектен 1 қазанға дейін қазылар алқасы үздік жұмыстарды іріктейді, 12 қазанда поэзия байқауының екінші кезеңі өтеді. Ал 13 қазанда жеңімпаздарды марапаттау болады.

Кітапханада хабарланғандай, форум-байқау барысында жастар «Алаштану» ғалымдарымен сөйлесіп, оларға сұрақтар қоюға мүмкіндік алады.

Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Байқау ережелерімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.karlib.kz/images/material/pdf/2023_AlashTime.pdf.

Толық ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 56-76-55, 56-74-64, 8-701-776-38-19, 8-700-776-38-19, 8-778-496-93-40.

Байқау Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button