Жаңалықтар

Қарағанды – кәсіпкері мол аймақ

Облыстық статистика департаменті таратқан мәліметтерге сүйенсек, 2017 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қарағанды облысындағы белсенді  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 80852 бірлікті құраған. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны бойынша облыс республикада Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы қаласы, Алматы облысы, Астана қаласы және Шығыс Қазақстан облысынан кейінгі 6 орында.

Мұнда жеке кәсіпкерлердің үлесі басым – 70,6% көлемінде.  Ал, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 19,6%, шаруа және фермерлік шаруашылықтар – 9,6%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 0,2%  шамасында.

Шағын және орта кәсіпкерлік Қарағанды қаласында өріс алған  – 48% және Теміртау қаласына тиесілі – 9,9%.

Былтырғы жылмен салыстырғанда кәсіпкерлік субъектілердің саны 3,4%-ға артқан. Оған қоса, шаруа және фермерлік шаруашылықтарының саны 20,4%-ға, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 9,7%-ға, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар 3,2%-ға ұлғайыпты.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button