АймақЖаңалықтар

Қарағанды хайуанаттар бағындағы арыстанның күшігін сатуға қатысты қылмыстық іс аяқталды

Қарағанды полицейлері жаңа туған арыстанның күшігін сатпақ болған хайуанаттар бағының үш қызметкеріне қатысты қылмыстық істі аяқтады. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлім етті.

Сурет: полиция департаментінен

2023 жылдың шілде айының басында Қарағанды полициясы хайуанаттар бағындағы жаңа туған екі арыстанның күшігін заңсыз сатпақ болған хайуанаттар бағының 22, 37 және 44 жастағы үш қызметкерін құрықтаған болатын. Олар арыстанның күшіктерін сатып алушыларға көрсету үшін хайуанаттар бағының сыртына картон қорапқа салып алып шыққан. Оларды полиция қызметкерлері сол жерде ұстады.

– Полиция департаменті Қарағанды хайуанаттар бағының үш қызметкеріне қатысты қылмыстық тергеуді аяқтады. Қазіргі таңда қылмыстық істің материалдарымен қылмыстық процеске қатысушылар танысуда. Материалдармен танысып болған соң қабылданған процессуалдық қаулылардың заңдылығы мен негізділігін тексеру үшін Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 300-бабына сәйкес прокурорға жібереміз, — деді Санжар Әділов.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button