Жаңалықтар

Қарағанды фармацевтикалық кешенінің ұжымы елорда атауын өзгертуді қолдайды

«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС ұжымы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа зор алғыс айтады.

Бізге, Қарағанды облысы кәсіпкерлерінің өкіліне Елбасымыздың қызметі зор ықпалы етті және аймақ экономикасын дамытудың негізгі тірегіне айналды.

Еліміз экономикалық көрсеткіштер бойынша Орта Азия мемлекеттері арасында көш басында тұр. Қазақстан әлемнің дамыған 30 елінің сапына қосылуға қажетті әлеуеттің бәріне ие.

Елбасымыздың жаһандық үдерістерді дер кезінде бағамдап, болып жатқан өзгерістерге жылдам және дұрыс әрекет етуге мүмкіндік беретін «ыңғайлы саясат» ұстануының нәтижесінде ел экономикасының зор табыстарға жетуіне жол ашты.

Мыңдаған жұмыс орындары ашылып, инновациялық жобар жүзеге асты, еркіндік атмосферасы анық сезіліп, бәсекелестік пен әділдік туы көке көтерілді. Бұлардың барлығы Тұңғыш Президентіміздің зор еңбегі мен ел азаматтарына деген қамқорлығының нәтижесі.

Мемлекеттік жан-жақты қолдауының нәтижесінде кәсіпкерлік бастамалар өріс алуда. Тәуелсіздік жылдары Елбасымыздың бастамасымен бізге тең құқық пен мүмкіндік қана емес, шағын және орта бизнесті дамытуға нақты қолдау беретін бағдарламалар ұсынылды.

Елбасымыздың бастамасымен 2005 жылы біздің облысымызда бәсекеге қабілетті инъекциялық, органикалық дәрілер шығаратын «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ашылды.  Жоба Қазақстан Республикасында фармацевтикалық өндірісті дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев әлем тарихында табысты әрі заманауи мемлекет құрған Елбасы ретінде қалары сөзсіз.

Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгеруі оның еңбегіне берілген әділ баға. Оны тек біздің ұжым ғана емес, туыстарымыз, достарымыз бен таныстарымыз да қолайды. Өйткені Елбасымыздың ел дамуына қосқан үлесі әділ бағалануы тиіс!

«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС ұжымы

Басқа материалдар

Back to top button