Аймақ

«Қарағанды-Балқаш» автобанының аяқталу мерзімі бір жылға қайта шегерілді

«Қарағанды-Балқаш» тас жолында құрылыс жұмыстары қайта жанданды. Жоба бойынша учаскені қайта құру осы жылдың мамыр айында аяқталуы тиіс еді. Алайда пандемия  және материалдың қымбаттауы салдарынан жоба тоқтап қалған. Енді жолды тапсыру мерзімі бір жылдан астам уақытқа шегерілді.

Сурет: Ашық дереккөз

Қазір Қарағанды-Балқаш тас жолының тек оңтүстік учаскесінде ғана жөндеу жұмыстары басталғаны байқалады. Ауа-райының климаттық жағдайы асфальт төсеуге мүмкіндік береді. Учаскені қайта құру 2020 жылы басталған, бүгінде жол қызметкерлері 70% дайын деп сендіреді.

Қазір құрылыс басында 300-ден астам техника мен 400-ге жуық адам жүр. Жұмыс 8 участкеге бөлінген. Бүгінгі таңда 726 шақырым жолдың 586 шақырымына асфальт төселген.  

Жоба бойынша 4 жолақты жол осы жылдың мамыр айында тапсырылуы тиіс еді. 2016 жылғы бағамен құрылыс 248 миллиард теңгеге жетуі керек еді. Бірақ 2021 жылы барлық материалдар орташа есеппен 35-50%-ға қымбаттады. Өткен жылы бас мердігер жобаның қымбаттағанын мәлімдеп, тапсырыс берушіден қосымша қаржы сұраған. Кейін қаржыландыруды ұлғайту қажеттілігін растайтын аудит жүргізіліп, талаптың орынды екені расталып, құжатты қайта қарауға жөнелткен. Ал әзірге мердігер құрылысқа өз қаражатын құйып жатыр.

Автобанға жауапты мамандар жыл соңына дейін 4 жолақты жолды ашып, биыл асфальттауды толығымен аяқтау жоспарлануда, ал келесі жылға тек жол абаттандыруды қалдырамыз,-деп сендіреді. 2024 жылдың 1-ші жартыжылдығында жолды ресми түрде пайдалануға беруге уәде етілген.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button