Жаңалықтар

Қарағанды ғалымдарының кітабы Ұлыбританияда жарық көрді

Ұлыбританияда Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ғалымдарының “Орталық Қазақстандағы ашаршылық 1931–1933: мұрағаттық құжаттар мен естеліктер жинағын” Palgrave Macmillan халықаралық ғылыми кітап-журнал баспасы басып шығарды. Қазіргі уақытта жинақ электронды түрде қол жетімді, кейінірек баспа нұсқасы шығарылады.

Кітаппен жыл бойы ғалымдар тобы – Зәуреш Сақтағанова, Айнаш Мұстояпова, Лариса Харитонова, Қымбат Әбдірахманова, Жеңісгүл Ибраимова және Альфия Кітібаева жұмыс істеді. Жобаны ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Нұрлан Дулатбеков басқарды. Ақпарат жинау үшін ішкі грант бөлінді.

– Біздің мақсатымыз 30-шы жылдары болған жағдайға саяси баға беру емес еді. Біз ғалымдармыз, сондықтан бәрінен бұрын фактілер туралы айтамыз. Біз үшін ең бастысы – сол оқиғалардың куәгерлерімен, ата-аналары мен туыстары болған оқиға туралы айтқан аға буынмен сөйлесіп үлгеру. Лондон баспасының өзі бізге шықты. Кітапты біздің шет тілдер факультетінің оқытушылары аударды, – деді Бөкетов атындағы ҚарУ ректоры Нұрлан Дулатбеков.

Жинақта Орталық Қазақстанда 1931–1933 жылдардағы ашаршылықты бастан кешкен адамдардың жақын туыстарының мұрағаттық құжаттары мен естеліктерінен маңызды мәліметтер бар.

Кітаптың жартысынан көбі мұрағаттық материалдар. Мұндай үлкен зерттеу алғаш рет аймақтық бөлімде жүргізілді.

– Бiздің кітабымызбен қатар “Ашаршылық. Аштық. 1928–1934” бес томдығы жарық көрді. Бірақ онда да Орталық Қазақстан туралы материалдар аз. Себебі, ол кезде бұл қазақтардың көшпелі және жартылай көшпелі өңірі болған. Қарағанды 1934 жылы қала болды, құжаттар өте аз, бірақ олар бар. Тарихшылар аудандық мұрағаттарды зерттеуді жалғастырады. Бұл көп еңбекті қажет ететін және көп жылдық жұмыс, – дейді тарих ғылымдарының докторы Зауреш Сақтағанова.

Сол кездегі қазақ отбасылары мен арнайы қоныс аударушылардың тарихын жазу үшін ғалымдар Балқаш, Осакаров және Шет аудандарына барды. Куәгерлерді іздеуге ғана емес, материалды өңдеуге де көп уақыт кетті.

– Мен Осакаров ауданына бардым. Бірнеше ауылдарды араладым. Куәгерлермен сөйлесе алмадым, бірақ ата-аналары аштықтан аман қалған балалармен сұхбаттастым. Олар ақпаратпен қуана бөлісті. Сондай-ақ, аты-жөні, туған күні туралы толық әңгіме айтқан адам болды. Ақпарат беруші ретінде ол өте құнды болды, оған деген сенім ұялады, – дейді филология ғылымдарының кандидаты Лариса Харитонова.

Жинақты ағылшын тілінде шығару оқырман аудиториясының географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Баспа Қарағанды ЖОО-мен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button