Қарағандыда Қазыбек Нұржановты еске алуға арналған дәстүрлі турнир басталды
Қарағандыда Кеңес Одағының батыры Қазыбек Нұржановты еске алуға арналған жеңіл атлетикадан республикалық ашық турнир басталды. Дәстүрлі жарыста еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас спортшылар бақ сынасады.

Додаға Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Абай қалалары мен Ұлытау облысынан, сондай-ақ өзге өңірлерден келген 150-ден астам жас жеңіл атлет қатысуда. Екі күнге жоспарланған жарыс бағдарламасына биіктікке секіру, 50, 100, 300, 600 шақырым қашықтыққа жүгіру, кедергілер арқылы жүгіру сынды түрлі сайыстар енгізілді.
Жарыстың ашылу салтанатында облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Берік Досымбеков, облыстық мәслихат депутаты Ерден Халилин мен қоғам қайраткерлері жас спортшыларға жеңіс тіледі.
– Турнирді өткізудегі басты мақсат – жас спортшылардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастырып, олардың спортқа қызығушылығын арттыру, сондай-ақ үздік нәтиже көрсеткен дарынды спортшыларды анықтау, – дейді басқарманың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әсет Ахметов.
Жарыста үздік шыққан спортшылар медальдар және дипломдармен марапатталып, арнайы ақшалай сыйлықтарға ие болады. Сонымен қатар, рекорд жаңартқан қатысушыларға да ерекше жүлделер қарастырылған.
Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
Ербол ЕРБОЛАТ
Ortalyq.kz



