Медицина

Қарағанды қаласында саркоманың алдын алу мақсатында Ашық есік күні өтеді

Саркома туралы хабардар болу айлығы аясында саркоманы ерте диагностикалау мен алдын алуға арналған Ашық есік күні өтеді деп хабарлайды облыстың денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Қабылдау 2023 жылғы 27 шілдеде, яғни сенбі күні сағат 09:00 ден 13:00-ге дейін жүргізіледі. Қабылдау орны: Қарағанды қаласының №3 көпсалалық ауруханасының (онкология) диспансерлік бөлімшесі. Саркомаға тексерілуге келушілер емхананың оң жақтағы бес қабатты ғимаратынан кірулері керек.

Саркома да қатерлі ісік екенін айту керек. Бірақ белсенді емес жасушалар бөлінуімен сипатталатын жетілмеген дәнекер тінінен қалыптасады. Оның обырдан айырмасы – екеуі әр түрлі тіндерден қалыптасуында және емдеу жолы да әр түрлі болады.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button